USD
USD
USD

Алматы облысында терроризм туралы жалған хабарламалар тартқан екі оқушы ұсталды

 Ішкі істер министрлігінің мәлімдеуінше, олардың Астана қаласы мен Алматы облысында осындай 14 фактіге қатысы бар екені анықталды.

Жалған хабарлама
Фото: polisia.kz

Астана, NEGE. Сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысында да 9-сынып оқушысы ұсталды. Ол әлеуметтік желі қолданушылармен жанжалдасып, олардың атынан Шымкент қаласы әкімдігінің және Ақтау қаласындағы сауда үйлердің бірінің электрондық поштасына жарылғыш құрылғылар қойылғаны туралы хабарламалар жіберген.

Қылмыс жасау кезінде оқушылар анонимді телефон нөмірлері мен электрондық пошталарды пайдаланған.

Полицейлер әзіл-қалжың екеніне қарамастан, мұндай әрекеттер қылмыстық құқықбұзушылық болып саналатынын ескертеді. Жалған қауіп туралы хабарламалар ел арасында дүрбелең туғызып, шұғыл қызметтердің жұмысына кедергі келтіреді. Мұндай әрекеттер үшін бас бостандығынан айыруға дейін жауапкершілік қарастырылған.

«Барлық жағдай мұқият тексеріліп, күдіктілер заманауи технологиялардың көмегімен анықталады. Осыған байланысты барлық азаматқа үндеу жасаймыз: тексерілмеген ақпаратты таратпаңыздар, жалған хабарламалар жібермеңіздер және балаларға мұндай әрекеттердің салдарын түсіндіріңіздер», – делінген ІІМ хабарламасында.

Осыған ұқсас хабарлама алған жағдайда полицияға хабарлау қажет.

Қазір оқып жатыр

Астанада телефонға елеңдеп, адам қағып кеткен автобус жүргізушісі 2 жылға сотталды

Автобус жүргізушісі

Қазақстанда ең жоғары 2,4 млн теңге жалақыны қандай дәрігерлер алады?

дәрігер

Қазақстанда 200-ден астам азамат көмекке мұқтаж болмағандықтан, жәрдемақыдан ерікті түрде бас тартты

Бектенов, Жұманғарин, Мәдиев

Қазақстанға есірткіні тәтті ретінде әкелмек болған 20 жастағы қыз 16 жылға сотталды

Кісен