USD
USD
USD

Алматы облысында Тәжікстанның үш азаматы эвакуацияланды

2024 жылы 16 қаңтар күні сағат 4:20-да Алматы облысы ТЖД кезекші бөліміне Алматыдан 143 шақырым жерде «Алматы-Шымкент» тас жолында көлік бұзылып, үш азаматты шұғыл эвакуациялау қажет екені жайлы хабарлама келіп түсті.

Тәжікстанның үш азаматы эвакуацияланды
Фото: Алматы облысы ТЖД

Алматы, NEGE. Шақырту орнына Алматы облысы ТЖД қызметкерлері дереу барды. Оқиға орнына келгеннен кейін көліктің бұзылып, қар құрсауында қалып қойғаны анықталды.

ТМСП Тарғап күшімен 1994, 1996 және 1998 жылы туған үш азамат эвакуацияланды.

Облыс аумағындағы ауа-райының нашарлауына байланысты Алматы облысының ТЖД азаматтардан қысқы кезеңде қауіпсіздік ережелерін сақтауды және дауылды ескертулер мен жолдардың жабылуы туралы SMS хабарламалар алған кезде алыс жолға шықпауларыңызды сұрайды. 

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда туған 22 мыңнан астам медбике шетелде жұмыс істейді – ЭЫДҰ

Дәрігер мен науқас

Тоқаев пен Димаш әлемдегі ең ықпалды 500 мұсылманның тізіміне енді

Тоқаев және Димаш

Президент ұстанымы: заң алдында бәрі тең, жауапкершілік баршаға ортақ

Қасым-Жомарт Тоқаев

Қазақстан құрамасы Молдоваға тағы да есе жіберді

Қазақстан Молдова