USD
USD
USD

Алматы облысында сүт пен майға 251 млн теңге заңсыз субсидия төленген

Қаржы мониторинг агенттігі Алматы облысында екі жыл бойы мемлекеттік бағдарламалар аясында субсидияларды заңсыз алып келген қылмыстық схеманың әшкере болғанын хабарлады. Қылмыстық схемаға қатысқан екі адам 6 жылға бас бостандығынан айырылды.

Ақша
Фото: gov.kz

Астана, NEGE. Тергеп-тексеруді ҚМА-ның Алматы облысы бойынша департаменті жүргізген.

Тергеу деректеріне сәйкес, «БАҒДАУЛЕТ и ПК» АӨК және «АМАНТАУ-2023» АӨК басшысы екі жыл бойы Ауыл шаруашылығы басқармасына шикі сүт сатып алу, сондай-ақ сары май мен қатты ірімшік өндіру және өткізу туралы жалған мәліметтер ұсынып келген. Алайда кооперативтерде бұл қызметті іске асыратын жабдықтар, жұмысшылар мен өзге де ресурстар болмаған.

Нәтижесінде бюджеттен 251 млн теңгеден астам субсидия заңсыз төленген.

Сонымен қатар тергеу барысында жалған мәмілелерді рәсімдеу және контрагенттердің салық жүктемесін жасанды түрде төмендету фактісі анықталған. Жалған электрондық шот-фактуралар «ComputerService» ЖК арқылы алынған.

Соның салдарынан бюджетке төленбеген салық көлемі 416 млн теңгеден асқан.

Сот екі айыпталушыға 6 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын кесті. Сондай-ақ қылмыстық жолмен табылған қаражатқа сатып алынған «BMW» автокөлігі мемлекет кірісіне тәркіленді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Қазір оқып жатыр

Семейде газгольдер жарылып, өрт екі үйге жайылды

.

Студентті екі аяғынан айырған жол апаты: Арыс әкімінің ұлына қатысты іс тоқтатылғаны мәлім болды

Жол апатында аяғынан айырылған студент

Қасым-Жомарт Тоқаев тілді саясиландырмауға шақырды

Қасым-Жомарт Тоқаев, Наталья Бочарова

TikTok-та мысықтың құлағын тістеп, қинаған 43 жастағы ер адам жазаға тартылды

Жануарды қинаған ер адам