USD
USD
USD

Алматы облысында «Су – туған өлкенің сұлулығы» атты акция өтті

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының «Мөлдір бұлақ» атты бесінші апталығы аясында Шарын өзенінің Сарытоғай бөлігіндегі өзен сағасын қалдықтар мен қоқыстардан тазарту жұмыстары жүргізілді.

Алматы облысы
Фото: Алматы облысы әкімдігі

Алматы, NEGE. Акцияға Мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері ғана емес, аудан тұрғындары мен белсенді жастар да қатысты.

«Мөлдір бұлақ» апталығы барысында «Шарын мемлекеттік ұлттық паркінің» директоры – Г. Нысанбаева, Ұйғыр аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы – Қ.  Бекмұханбетов, Шошанай орта мектебінің оқушысы (жазушы) – С. Ержанқызы спикерлер ретінде сөз сөйледі.

Алматы облысы әкімдігі
Фото: Алматы облысы әкімдігі

Акция басталғаннан бері Ұйғыр ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі барлық өткізілетін іс-шараларды үйлестірді.

Экоакция шеңберінде дәл осындай сенбіліктер ауданның барлық ауылдық округтерінде өткізілетін болады. Мақсаты тек тазарту ғана емес, сонымен бірге туған жерге деген сүйіспеншілік пен құрмет сезімін ояту, өйткені туған елге деген сүйіспеншілік табиғатқа деген сүйіспеншіліктен басталады.

Қазір оқып жатыр

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов

Ташкентке жарысқа барып, ауруханаға түскен жас футболшылар елге оралды

Ташкентте емделген футболшылар мен дәрігерлер, елшілік өкілдері

Павлодар колониясында 12 жылға сотталған жігіт өлі күйінде табылды

рақымшылық