USD
USD
USD

Алматы облысында стоматолог 4,5 мың тісті қағаз жүзінде ғана емдеген

Алматы облысындағы жеке стоматологиялық клиникада ортодонтиялық көмек көрсетудің 4 597 расталмаған жағдайы анықталды.

Тіс емдеу
Фото: Pixabay

Астана, NEGE. Бұл жөнінде Қаржылық мониторинг агенттігі хабарлады. Тергеу амалдарын агенттіктің Алматы облысы бойынша департаменті жүргізген.

Тергеу деректеріне сәйкес, жеке стоматологиялық клиникалардың директоры Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры КЕАҚ-пен жалпы сомасы 450 млн теңгеден асатын медициналық қызметтерді сатып алу туралы шарттар жасасқан. Күдікті қаржыны алу үшін Damumed жүйесіне ортодонтиялық қызметтер көрсетілгені туралы жалған мәліметтер енгізген. Ол үшін дәрігерлердің есептік жазбалары, сондай-ақ клиникаларға бұрын жүгінген кәмелетке толмаған пациенттердің жеке деректері пайдаланылған. Бірақ оларға медициналық қызметтер көрсетілмеген.

«Нәтижесінде ортодонтиялық көмек көрсетудің 4 597 расталмаған жағдайы анықталды.

Келтірілген залал сомасы 66 млн теңгені құрады. Сот санкциясымен банктік шоттардағы 23 млн теңге көлеміндегі қаражатқа, сондай-ақ құны 29 млн теңгеге стоматологиялық жабдықтарға тыйым салынды», – делінген хабарламада.

Тергеу барысында күдікті 11 млн теңге көлемінде залалды өтеген.

Оған қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.

Қазір оқып жатыр

Мәскеуден Алматыға бағыт алған SCAT ұшағы Астанаға шұғыл қонуға мәжбүр болды

SCAT шұғыл қонды

Астанада кішкентай бала көлікпен дәмханаға соғылды

Көлік апаты

Түркістанда ойын алаңында екі әйел төбелес шығарып, бірі дене жарақатын алды

Күдікті әйел

Шарын маңында қарақұйрыққа ұқсас бес жануардың ұшасы табылып, қылмыстық іс қозғалды

Инспекторлар, аңшылар және жануарлар ұшасы