USD
USD
USD

Алматы облысында сыныптасынан ақша бопсалаған қыздардың ата-аналары жазаланды

Алматы облысы Қарасай ауданының полиция қызметкерлері 15 жастағы оқушыдан ақша бопсалауға қатысы бар кәмелетке толмаған қыздардың ата-аналарын анықтап, жауапкершілікке тартты.

Полиция
Фото: видео-скрин

Алматы, NEGE. Тергеу барысында кәмелетке толмаған қыздардың құрдасына психологиялық қысым көрсетіп, одан ақша талап еткені анықталды.

Құқық бұзушылардың жасын ескере отырып, полиция ата-аналарын бала тәрбиесі бойынша міндеттерін орындамағаны үшін жауапқа тарту бойынша жұмыс жүргізді.

Бұл факт полицияда тіркеліп іс материалдары сотқа жөнелтілді.

Қазіргі уақытта ювеналды полиция қызметкерлері тергеудің толықтығы мен объективтілігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ болашақта мұндай жағдайлардың алдын алуға бағытталған профилактикалық іс-шараларды жалғастыруда.

Айта кетейік, жасөспірімдер профилактикалық есепке алынып, аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандар жөніндегі комиссияға ұсыныс енгізілді.

Қазір оқып жатыр

Бірі өсті, бірі шегінді. Қазақстанның сегіз банкі НЕГЕ активінен айырылды?

bank

Шымкентте Василий Колесниковті қатыгездікпен өлтірген алты адамға үкім оқылды

сот үкімі

Әйелдер мен балаларды қорғайтын жобаға не кедергі: депутат екі министрлікке талап қойды

Лариса Ли

Қазақстанда құрылыс талаптарын бұзғандарды лицензиясынан айыруы мүмкін

Құрылыс компаниялары