USD
USD
USD

Алматы облысында Наурыз мейрамына орай қандай мерекелік шаралар өтеді?

Алматы облысында Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамына орай кең ауқымды мерекелік шаралар өтеді. Қонақтар үшін театрландырылған қойылымдар, ұлттық ойындар, концерттер мен ерекше мәдени перформанстар ұйымдастырылады.

Мереке
Фото: gov.kz

Алматы, NEGE. Облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан Әбдірахым Наурыздың мәні мен маңызы туралы: «Наурыз – бұл тек халықтық мереке ғана емес, бұл – жаңару мен бірліктің, ұрпақтар сабақтастығының символы. Біз бұл мейрамды өңір тұрғындары мен қонақтары үшін ерекше әрі есте қаларлықтай етуге бар күшімізді саламыз», - деп атап өтті.

Наурыз
Фото: Алматы облысы

Биыл Наурыз мерекесі он күнге созылатын ерекше марафон форматында өтеді. Әр күннің өзіндік тақырыбы мен мазмұны бар:

14 наурыз – Көрісу күні (татулық пен бірліктің символы)

15 наурыз – Қайырымдылық күні

16 наурыз – Мәдениет пен дәстүр күні

17 наурыз – Отбасы және ұрпақтар сабақтастығы күні

19 наурыз – Жаңару күні

20 наурыз – Ұлттық спорт күні

21 наурыз – Бірлік күні

22 наурыз – Жыл басы (Наурыз мерекесінің басты күні)

23 наурыз – Тазалық күні

Жалпы өңірде 368 мерекелік іс-шара жоспарланған, олар барлық аудандарда өтеді.

Алматы облысы
Фото: Алматы облысы

Мерекенің негізгі тойланатын үш басты орны анықталды:

Орталық алаң – мұнда 25 қазақы киіз үй тігіліп, қонақтар ұлттық салт-дәстүрлермен таныса алады. Келушілерге қазақтың дәстүрлі тағамдары ұсынылып, ал басты сахнада Қазақстан эстрада жұлдыздарының концерті өтеді.

Қонаев көшесі – бұл алаңда қолөнер шеберлерінің шеберлік сабақтары, ұлттық тағамдар жәрмеңкесі мен қолданбалы өнер көрмесі ұйымдастырылады.

Б. Соқпақбаев атындағы қалалық парк – мұнда қазақша күрес, асық ату, гір тасын көтеру сияқты ұлттық ойындар өтеді. Сондай-ақ, қонақтар үшін арнайы фотозоналар, аниматорлар мен балаларға арналған ойын-сауық бағдарламасы әзірленген.

2025 жылғы Наурыздың басты оқиғалары

– Қыдыр ата бейнесіндегі театрландырылған көрініс, тазарту рәсімдері және дәстүрлі наурызкөже тарату;
– 100 домбырашы қазақ күй өнерінің майталманы Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына арнап күй орындайды; 
– Қазақстандық эстрада жұлдыздарының концерті және жастарға арналған Open Air ашық аспан астындағы мерекелік шара.

Қазір оқып жатыр

Референдумда 9 миллионнан астам қазақстандық дауыс берді

Референдум

Халықтың 70,98 пайызы дауыс берді

.

Маңғыстау облысында референдум күні көпбалалы отбасында Атазаң есімді ұл дүниеге келді

Маңғыстау облысы

Халықтың 51,93 пайызы дауыс берді: Референдум өткізілді деп саналады

Референдум