USD
USD
USD

Алматы облысында мал ұрлығымен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

Алматы облысында мал ұрлығымен айналысқан қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz. 

Мал ұрлығы
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. Алматы облысының Балқаш ауданында мал ұрлығына қатысы бар қылмыстық топ құрықталды. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Жамбыл ауданында үш ер адам мал ұрлығына күдікті ретінде ұсталды.

Тергеуге Береке ауылынан 8 шақырым жердегі жайылымнан ірі қараның жоғалуы жөнінде жергілікті тұрғынның арызы түрткі болды. Жәбірленушіге келтірілген залалдың жалпы көлемі 2,4 млн теңгені құраған. Аталған дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.

Жедел шаралар кезінде Береке ауылы маңында Volkswagen Jetta көлігі тоқтатылып, оның ішінен екі ер адам мен мал еті, тегіс ұңғылы мылтық, балта және пышақ табылды. Кейін үшінші күдікті де қолға түсті. Үшеуі де уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазіргі уақытта тергеу барысында бұл топтың оннан астам мал ұрлығына қатысы бары анықталды. Олардың басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде. 

Қазір оқып жатыр

Қасым-Жомарт Тоқаев Саида Мирзиёеваны қабылдады

.

Қытайдағы жарыста Назым Қызайбай мен Виктория Графеева топ жарды

.

Ақтөбедегі қайғылы оқиға: АГҚС иесі уақытша ұстау изоляторына қамалды

.

Үкімет жанар-жағармай тапшылығына жол бермеу үшін шекарадағы бақылауды күшейтеді

.