USD
USD
USD

Алматы облысында кішкентай сәбиді сатпақ болғандар ұсталды (видео)

Алматы полициясы кәмелетке толмағандарды саудаға салу фактісін тоқтатты, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. Алматы облысында ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері кәмелетке толмағандардың заңсыз саудасына күдікті қылмыстық топтың қызметін тоқтатты.

– 25 тамызда әлеуметтік желідегі “surak.baribar” парақшасында кәмелетке толмағандар мен жаңа туған сәбилерді заңды түрде асырап алуға көмектесеміз деген қылмыстық топтың әрекеті туралы жедел ақпарат түсті. 28 тамызда жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Қызылорда облысының тумасы 38 жастағы күдікті анықталды. Кәмелетке толмағандарды сату дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды, – деп атап өтті Алматы облысы ПД бастығы Бауыржан Әленов.

Күдікті қамауға алынды. Қазіргі уақытта барлық қажетті тергеу шаралары жүргізілуде.

Қазір оқып жатыр

«Оземпик», «Мунджаро»: арықтататын препараттардың пайдасы мен қаупі қандай?

Оземпик

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің ішкі істер министрлерімен кездесті

Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің ішкі істер министрлерімен кездесу

Алаяқтар енді eGov қызметкері ретінде хабарласа бастаған

алаяқтық

«75-тің хаты»: Қырғызстанда Қамшыбек Ташиевке шыққан үкім өзгертілді

Қамшыбек Ташиев