USD
USD
USD

Алматы облысында колонияға тыйым салынған заттарды өткізбек болған күдікті анықталды

Алматы қаласы, Алматы облысы және Жетісу облысы бойынша ҚАЖД қызметкерлері тыйым салынған заттардың ірі партиясының колонияға кіруінің алдын алды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖ департаментінің №14 мекемесіне тыйым салынған заттардың ірі партиясын алып өтпек болған кәсіпкер анықталды.

Көлік өткізу пунктінде жеке кәсіпкерлікке тиесілі мекеменің асханасынан биологиялық қалдықтарды шығаруды жүзеге асырған автокөлікке мұқият тексеріс жұмыстары жүргізілді.

ҚАЖ қызметкерлерінің қырағылығының және автокөлік құралының шанағының тиімді тексерісінің арқасында эмульсия шелегінде таспамен оралған байлам табылды, сондай-ақ кэш тәріздес жасырылған қос түбі бар штатлевканың шелегі анықталды.

Тінту барысында түрлі маркалы 28 телефон, 20 қуаттағыш құрал, 17 қуаттағыш сым , 11 құлаққап, 3 электронды темекі, Beeline SIM-картасы, 6 шыны 0,5 литрлік коньяк бөтелкесі, 3 шыны 0,5 литрлік виски бөтелкесі, жасыл түсті өсімдік тектес зат және ақ түсті ұнтақ зат табылды және тәркіленді.

– Бұл факт бойынша жедел-тергеу тобы шақырылып, ұсталған жүргізушінің жеке басы анықталды. Ер адамға қатысты материалдар Қонаев қаласының полиция басқармасына берілді, – деп атап өтті ҚАЖД бастығы Қайрат Дәлбеков.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанның жүргізуші куәлігін Қытайда емтихан тапсырмай пайдалануға рұқсат берілмек

Жүргізуші куәлігі

Енді Олимпиадаға «артық» адамдар жіберілмейді: Қазақстанда спорт делегацияларының саны шектелмек

Норматив

Алматы облысында көліктерді заңсыз тіркеген полиция және «ЦОН» қызметкерлері сотталды

көлікті заңсыз тіркеу

Қызға талап көп, ұлға неге аз: Қазақстанда әкелер институты әлсіреді ме?

отбасы, ата-ана, әке