USD
USD
USD

Алматы облысында Қызыл кітапқа енген қарақұйрықты атып алған адам ұсталды

Алматы облысында Қызыл кітапқа енген аңды атып алған браконьер ұсталды.

Полиция
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінен мәлім еткендей, қарашаның 24-інен 25-іне қараған түні «ПО Охотзоопром» мекемесінің инспекторлары Алматы облысының Іле ауданындағы Ақши ауылының маңында жоспарлы рейд барысында жергілікті тұрғынды атпен жүріп бара жатқан жерінен тоқтатты. Тексеру барысында оның қолында Қызыл кітапқа енген, сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген қарақұйрықтың еті табылды.

«Заңсыз аңшылық жасаған күдікті және алынған заттай айғақтар осы факті бойынша Іле аудандық полиция бөліміне жеткізілді», - делінген комитет хабарламасында.

Ведомство біздің елімізде сирек кездесетін және қорғалатын жануарларды заңсыз өндіру немесе тасымалдау үшін жауапкершілік қарастырылғанын еске салды.

Қазір оқып жатыр

Байқоңырдан «Союз-5/Сұңқар» зымыран-тасығышы алғаш рет ұшырылды

.

«Ареке, дос болайық»: Журналист Арай Есенбектің ісі бойынша тың мәлімет шықты

Арай Есенбек

Айдын Рахымбаев математика пәнінің мұғаліміне BI-дың акциясын сыйлады

.

«Әділет» партиясының қатарына онлайн түрде қосылуға болады

әділет партия