USD
USD
USD

Алматы облысында кәмелетке толмаған қызды қызметтік көлікпен жеткізіп тастауды ұсынған полицейлер жұмыстан шығарылды

Іле ауданында 17 жастағы қызға қатысты оқиғадан кейін екі инспектор жұмыстан шығарылды.

Полиция
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Іле аудандық мәслихатының депутаты Нұрлан Байғазиевтің хабарлауынша, Іле ауданында екі полицей 17 жастағы қызды қызметтік көлікпен «Саяхат» автовокзалына жеткізіп тастауды ұсынғаннан кейін жұмыстан босатылды.

«Аталған іс бойынша бұл қызметкерлер жұмыстан шығарылды», — деп жазды ол өзінің Instagram парақшасында.

Депутат жариялаған видеода ол аялдамада полицей көлігінің жанында тұрған кәмелетке толмаған қызды байқайды. Қыз полицейлердің оған «Саяхатқа дейін жеткізіп салуды» ұсынғанын айтып берген.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда жергілікті полиция қызметіне 20 мыңнан астам адам жетіспейді

ұрлық

Бапи, Мусин, Мүтәліп: Қазақстан Халық кеңесі құрамына кімдер кірді?

Ермұрат Бапи, Бағдат Мусин, Шахмұрат Мүтәліп

300-ге жуық үлескер зардап шекті: Астанада «Mardan» тұрғын үй кешеніне қатысты іс сотқа жолданды

«Mardan» тұрғын үй кешені үлескерлерінің қылмыстық ісі

ММА шебері Еркінғали Бүркіталин Азия ойындарының чемпионы атанды

Еркінғали Бүркіталин