USD
USD
USD

Алматы облысында есірткіге мас күйде көлік ұрлаған ер адам ұсталды

Алматы облысында есірткіге мас күйде көлік ұрлаған азамат ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. Алматы облысының полицейлері BMW автокөлігін ұрлады деген күдікке ілінген 21 жастағы ер адамды ұстады. Ол ауыр зардаптарға әкеп соғуы мүмкін ЖКО қаупін бірнеше есе арттыратын есірткіге масаң күйде болған.

– Жарияланған “Тосқауыл” жоспары барысында автокөлік ұрысы Алматы – Өскемен тас жолында ұсталды. Бағдарға сәйкес, Алматы қаласында белгісіз адам BMW автокөлігін айдап әкетіп, мегаполис шекарасынан шығып, ізін суытқан. Патрульдік полицейлер Қонаев қаласы бағытында үлкен жылдамдықпен қозғалып келе жатқан ұрланған шетелдік көлікті байқаған. Алматы облысының тәртіп сақшылары күдіктінің ізіне түсіп, Алматы – Өскемен тас жолының 19 шақырымында оны тоқтауға мәжбүр еттіп, ұстады, – деп хабарлады Алматы облысы ПД бастығы Бауыржан Әленов.

Медициналық куәландыру ұсталған адамның есірткіге масаң күйде болғанын растады. Күдіктінің автокөлікті басқаруға құқық беретін қандай да бір құжаттары болмаған.

Тәркіленген BMW арнайы тұраққа қойылып, күдікті жақын маңдағы полиция бөліміне жеткізіллі. Автокөлікті заңсыз иемдену дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

– Осы жылы Алматы облысының полицейлері ұрланған 36 автокөлікті тауып, заңды иелеріне қайтарды. 16 дерек бойынша қылмыстық іс материалдары сотқа жіберілді, – деп толықтырды Бауыржан Әленов.

Қазір оқып жатыр

ТЖМ-нің жоғары лауазымды қызметкері түнде шу шығарды ма: Полиция не дейді?

Ерлан Төрегелдиев

Астанада жолаушыға әдепсіз ұсыныс жасаған таксист 10 тәулікке қамалды

Жүргізуші

Түркістан облысында зейнеткердің үйін жөндеп бермек болған еріктілер шатырдан 5 млн теңге тауып алды

Ақша

Қазақстанда мәслихат сайлауы өтетін күн белгілі болды

Құрылтай сайлауы