USD
USD
USD

Алматы облысында экс-әкім Баталовтың қызынан 339 миллион теңгенің жер телімі тәркіленді

Алматы облысының прокуратурасы 100-ден астам жер учаскесінің меншік иелерінің нысаналы мақсатын өзгерткені үшін мемлекетке 1,5 млрд теңге төлемегенін анықтады.

Жер телімі
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Заң бойынша, жер учаскесін пайдалануды өзгерту кезінде жер иелері кадастрлық құнын өтеуі керек.

Прокурорлар 236 миллион теңгені қайтарды, қалған сома өндіру сатысында. Алты айда жалпы көлемі 12,5 мың гектар, құны 2,5 миллиард теңге болатын 155 пайдаланылмай жатқан жер телімдері мемлекет меншігіне қайтарылды.

Мәселен, Қонаевта 2020 жылы су электр стансасын салу үшін бір кәсіпорынға 500 гектар жер берілген. Бірақ су электр стансасы күні бүгінге дейін салынбаған.

Іле ауданында «Solid Cristal» ЖШС-ға 339 млн. теңге тұратын 38 га учаске берілді.

Серіктестік Алматы облысының бұрынғы әкімінің қызы Сайора Баталоваға тиесілі.

Учаске алты жылдан астам уақыт бойы пайдаланылмаған.

Облыс прокуратурасының шараларымен бұл учаскелер мемлекеттік меншікке қайтарылды.

Прокуратураның қадағалау актісі бойынша 1 млн. га жуық пайдаланылмаған жерлерді қайтару жұмыстары жүріп жатыр.

 

Қазір оқып жатыр

Павлодар облысында «Газель» мен «Камаз» соқтығысып, бір адам мерт болды

Көлік апаты

20 жастағыларға жеткіліктілік шегі неге 6,6 млн теңге деп белгіленген?

БЖЗҚ

Жетісуға биылғы жазғы маусымда 2 миллионнан астам турист келеді деп күтілуде

Жетісу

Жастар саясаттан алыстады ма, әлде саясат жастардан алыстады ма?

.