USD
USD
USD

Алматы облысында екі әйел 16 жастағы қызды үйінен ұрлап кеткен

Әлеуметтік желіде тараған ақпаратта күдіктінің бірі ауылдық ауыл округі әкімі аппаратының қызметкері екені айтылады, деп хабарлады Kazinform.

Құлдық
Фото: pixabay.com

Алматы, NEGE. Екі әйел 16 жастағы қызды үйінен ұрлап кеткен.

– Әйелдер қызды ұрып-соғып, темекімен күйдіріп, өзенге батырып, зорлық-зомбылық көрсетіп, қол-аяғын сүюге мәжбүрлеген және осының бәрін видеоға түсірген. Сондай-ақ олар бұл видеоны таратпау үшін үш миллион теңге талап еткен, – делінген ақпаратта.

Алматы облысының Полиция департаменті  оқиғаны растап, түсінік берді. Ведомствоның мәліметінше, күдіктілер ұсталып, қылмыстық іс қозғалды.

– Кәмелетке толмағанға дене жарақатын салу және жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Екі күдікті әйел құрықталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу жүргізіліп жатыр, – деп хабарлады полиция.

Полиция кінәлілер қолданыстағы заңнамаға сәйкес қатаң жауапкершілікке тартылатынын атап өтті.

Сонымен қатар қылмыстық процеске қатысушылардың жеке деректері жария болды деген мәліметтер тексеріліп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Ақтөбеде учаскелік полицей қарт ананы 30 жыл көрмеген балаларымен қауыштырды

Айболат Бекнияз, Людмила Скрипник

Алматыда дәрігерлер екі жастағы баланың басына кіріп кеткен қайшыны алды

жарақат

Тоқаев ҰҚШҰ Бас хатшысы Таалатбек Масадыковты қабылдады

Тоқаев, Масадыков

Трейдерлер Қытайға экспорттан шет қалғанын айтып, дабыл қақты

.