USD
USD
USD

Алматы облысында браконьерлерден 200 келі балық пен жабайы жануардың еті тәркіленді

Алматы облысында браконьерлерден 200 келі балық пен жабайы жануардың еті, сондай-ақ қару мен оқ-дәрілер тәркіленді, деп хабарлайды Polisia.kz. 

Полиция
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. 9 ақпанда «Браконьер» жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында Алматы облысы ПД ҰҚҚКБ қызметкерлері табиғатты қорғау полициясының қызметкерлерімен бірлесіп, Нұрлы ауылының маңындағы Іле өзеніне жақын жерден үш резеңке қайықты анықтады.

– Тексеру барысында Еңбекшіқазақ ауданының 22 және 42 жас аралығындағы алты тұрғыны заңсыз аң аулаумен және балық аулаумен айналысқаны анықталды. Сондай-ақ екі қозғалтқышы бар үш қайық ,жалпы салмағы шамамен 200 келі болатын балық, жабайы жануардың еті табылып, тәркіленді, – деді Алматы облысы ПД бастығы Бауыржан Әленов.

Сонымен қатар аталған қайықты тексеру барысында 10 патрон және 12 калибрлі патрон оқ-дәрілері бар тіркелмеген қару кесіндісі, ішінде өсімдік құрамды ерекше иісті полиэтилен пакет және өзен түбінен тегіс ұңғылы мылтық табылып, тәркіленді.

 – Қазіргі уақытта заңсыз аң аулау және балық аулау фактісі бойынша, сондай-ақ атыс қаруы мен есірткі затын заңсыз алып жүру және сақтау бойынша барлық қажетті сараптамалық зерттеулер тағайындала отырып, сотқа дейінгі тергеу басталды, – деп толықтырды Әленов.

Қазір оқып жатыр

Данияр Елеусіновтің әйеліне қатысты сот үкімі өзгеріссіз қалды

Данияр Елеусінов

Рақышев пен Ибрагимов қаржы құйған рамен бизнесінің қазіргі жағдайы қандай?

Кеңес Рақышев, Шухрат Ибрагимов

Оңтүстік Кореяда Alatau City-де ірі жобаларды іске асыру мүмкіндігі талқыланды

Alatau City бойынша келіссөздер

«Біз одан шарап ішеміз»: Кенесарының бас сүйегі туралы айтқан қырғыз студенттері кешірім сұрады

Қырғызстандық студенттер