Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Алматы облысында браконьерлер тобы ұсталды

Олар өндірістік көлемде заңсыз балық аулаумен айналысқан, деп хабарлады Полиция.

Ішкі істер министрлігі
Фото: gov.kz

Алматы, NEGE. Бұл топ Іле өңіріндегі Сорбұлақ көлінде балық ұстаған. Топтың құрамында 21 мен 45 жас аралығындағы он бір адам болды.

«Олардың Қытай өндірісінің тыйым салынған торларын қолдана отырып, балық ресурстарын заңсыз аулаумен айналысқаны белгілі болды. Браконьерлерден үш тоннаға жуық сазан балығы, жүзу құралдары мен браконьерлік аулаудың әртүрлі құралдары, сондай-ақ атыс қаруы мен оқ-дәрілердің әртүрлі түрлері тәркіленді. Аталған дерек балық ресурстарын заңсыз өндіру, атыс қаруын заңсыз сақтау түріндегі қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бойынша тіркелді. Істің негізгі фигуранттары УҰИ-ға қамаққа алынды», - деді Алматы облысы ПД бастығы Бауыржан Әленов.

Жоғарыда аталған көлде балық ресурстарын өндіру ұйымдасқан сипатқа ие болғанын және елдің әртүрлі аймақтарына тұрақты негізде тарату жүзеге асырылғанын атап өтеміз. Тек тәркіленген балық бойынша ғана мемлекетке 17 млн. теңгеден астам соммаға материалдық залал келтірілгені анықталды.

«Қазіргі уақытта істі тергеудің толықтығын, жан-жақтылығын және объективтілігін қамтамасыз ету үшін барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Сондай-ақ, олардың басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде», - деп Бауыржан Әленов өз сөзін түйіндеді.

Қазір оқып жатыр

Мемлекеттік білім гранты иегерлерінің тізімі қашан және қайда жарияланады?

Мемлекеттік білім гранты

Танымал қаржыгер Расул Рысмамбетов БЖЗҚ-да қызметке ие болды

Расул Рысмамбетов

Ақтауда балаларға тегін балмұздақ таратқан кәсіпкерге айыппұл салынды

Ақтау

Семейде стадион аумағынан табылған адам сүйегі 8 жыл бұрынғы құпияны ашуы мүмкін

Жоғалған адам