USD
USD
USD

Алматы облысында белгісіз адам су жіберетін шлюзды ашып жіберген

Алматы облыстық Төтенше жағдайлар департаменті мен әкімдік қызметкерлері бір ауылдың су басу қаупін жойды.

Ш
Фото: Видеодан алынған скрин

Алматы, NEGE. Ведомстводан атап өткендей, бүгін Қарасай ауданы Көлашы ауылында шаруашылық қажеттіліктері үшін пайдаланатын каналдың шлюзын белгісіз адам ашып жіберген.

— Салдарынан төрт ауланы су басты. Бұл аула аумақтары елді мекеннен тыс жерлерде ауыл шаруашылығы алқаптарында ретсіз салынған. Оқиға орнында Төтенше жағдайлар департаментінің 7 қызметкері, 2 техника және 2 мотопомпа, жергілікті атқарушы органынан 3 адам мен 1 техника жұмылдырылды, - деп атап өтті ведомстводан.

Қарасай ауданы полиция басқармасының қызметкерлері шлюз ашқан белгісіз адамды іздестіріп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Мәскеуден Алматыға бағыт алған SCAT ұшағы Астанаға шұғыл қонуға мәжбүр болды

SCAT шұғыл қонды

Астанада кішкентай бала көлікпен дәмханаға соғылды

Көлік апаты

Түркістанда ойын алаңында екі әйел төбелес шығарып, бірі дене жарақатын алды

Күдікті әйел

Шарын маңында қарақұйрыққа ұқсас бес жануардың ұшасы табылып, қылмыстық іс қозғалды

Инспекторлар, аңшылар және жануарлар ұшасы