Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Алматы облысында барымташылар ұсталды

Алматы облысында полицейлер екі барымташыны құрықтады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. 24-26 мамыр аралығында Алматы облысы аумағында мал ұрлығының алдын алу мен ашуға, қылмыстық жауапкершілікке тартуға, қылмысқа қатысы бар адамдар мен топтарды анықтауға бағытталған «Мал ұрлығы» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді.

 – Іс-шара барысында облыстық криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері Жамбыл АПБ жедел уәкілдерімен бірлесіп, Жамбыл және Қарасай аудандарының аумағында мал ұрлығымен айналысқан екі барымташыдан тұратын топты анықтады, – деп атап өтті ПД КПБ бастығы Руслан Смағұлов.

Қазіргі уақытта олардың мал ұрлығына қатысты бес факт дәлелденді, зардап шеккендердің жалпы шығыны шамамен бес миллион теңгені құрады.

 – Күдіктілер УҰИ-на қамалды. Барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде, ұсталғандардың басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде, – деп толықтырды Р. Смағұлов.

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Қазір оқып жатыр

Грантқа іліге алмағандарға тағы бір мүмкіндік бар

грант

Министрлік мектеп формасына қойылатын жаңа талаптарды түсіндірді

оқушылар

Тойда уағыз айтып, басы дауға қалған ақсақалдың қызы Тоқаевқа үндеу жасады

қылмыстық іс

«Ресейден жеткізілген»: Алматыда жалған көлік нөмірлерін сатқан тұрғын ұсталды

жалған нөмірлер