26 Қараша 15:56
...

Алматы облысында балық аулап отырғандарға оқ атқан ер адам сотталды

Алматы облысы
Фото: depositphotos

Алматы облысында балық аулап отырғандарға оқ атқан ер адам сотталды.

Астана, NEGE. Іс Алматы облысының қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотында қаралды.

Сот материалдарына сәйкес, 2024 жылдың 26 қазанында ер адам Қонаев–Бақанас автожолының 26-шақырымында орналасқан  шаруа қожалығы аумағында спирттік ішімдік ішіп, шамамен 22:00-де Іле өзенінің жағасына барған. Сол жерде балық аулап отырған үш адамды көріп, оларға мылтықтан бірнеше рет оқ атқан. Нәтижесінде жәбірленуші үш адам әртүрлі дәрежедегі жарақаттар алған.

Дер кезінде көрсетілген медициналық көмектің арқасында олар аман қалды. 

Cот айыпталушының әрекеттерін екі немесе одан да көп адамды өлтіруге оқталды деген қорытынды жасады. 

Қылмысты алкогольдік масаң күйде жасауын жауаптылықты ауырлататын жағдай деп таныды,- делінген хабарламада.

Сот үкімімен айыпталушы кінәлі деп танылып, оған 15 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түрінде жаза тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Тегтер: