Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Алматы облысында азаматтарды 20 миллион теңгеге алдаған күдікті қолға түсті

Алматы облысының полициясы WhatsApp арқылы азаматтарды 20 миллион теңгеге алдаған күдіктіні құрықтады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция
Фото: Фото: из открытых источников

Алматы, NEGE. Қарасай ауданының тұрғыны WhatsApp мессенджерін пайдалана отырып, жасалған салымды екі еселеуге жалған уәде берген. Алаяқ WhatsApp арқылы топ құрып, аңғал азаматтарды сендірген. Банк картасының деректемелерін жібере отырып, әйел құрбандарына біраз күннен кейін табыс келеді деп уәде берген.

– Өкінішке орай азаматтардың арасында алаяқтың айла-амалдарына көніп, оның талаптарын орындап, қаражатты бірден аударғандар болды. Қысқа уақыт ішінде миллион теңгеден астам табыс алып, алаяқ материалдық пайда көру мақсатында, әрі қарай адамдарды алдауды жалғастырған, – деп атап өтті Қарасай аудандық полициясында.

Алаяқтың қолынан төрт жергілікті тұрғын зардап шекті. Залал сомасы шамамен 20 миллион теңгені құрады.

Тергеу кезінде әйелге қатысты “келу туралы міндеттеме” түріндегі процессуалдық мәжбүрлеу шарасы таңдалды. Қазіргі уақытта оның басқа ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Грантқа іліге алмағандарға тағы бір мүмкіндік бар

грант

Министрлік мектеп формасына қойылатын жаңа талаптарды түсіндірді

оқушылар

Тойда уағыз айтып, басы дауға қалған ақсақалдың қызы Тоқаевқа үндеу жасады

қылмыстық іс

«Ресейден жеткізілген»: Алматыда жалған көлік нөмірлерін сатқан тұрғын ұсталды

жалған нөмірлер