USD
USD
USD

Алматы облысында «Алатау» ипотекалық бағдарламасына құжат қабылдау басталады

Алматы облысында 25 тамыз күні «Алатау» ипотекалық бағдарламасына өтінім қабылдау басталады. Бұл туралы облыстың тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және абаттандыру басқармасының басшысы Димаш Қожабеков айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Пәтер
Фото: NEGE

Алматы, NEGE. Оның сөзінше, бағдарламаның басты мақсаты — мемлекеттік қызметкерлер мен спортшыларға, сондай-ақ бюджеттік сала мамандарына қолжетімді баспана беру. Бағдарлама аясында 30 млн теңгеге дейін ипотекалық несие беріледі және пайыздық мөлшерлемесі 5% болады. Ал бастапқы жарна мөлшері — 10%.

Оған қатысу үшін Алматы облысында кемінде соңғы 24 ай ресми жұмыс өтілі талап етіледі және өтініш берген кезде адамның меншігінде үйі болмауы керек.

— Бағдарламаға облыстық бюджеттен 3,146 млрд теңге, ал «Отбасы банк» тарапынан қосымша 629 миллион теңге қаржы бөлінді. Бұл қаржы 120-дан астам азаматты баспанамен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, — деді ол.

Өтінім қабылдау 2025 жылдың 25 тамызында басталады. Қабылдау орны — Қонаев қаласы, Қонаев көшесі, 7/1, «Отбасы банк» ғимараты.

Қазір оқып жатыр

Алматыда қолы қанға малынған ер адам сұлулық салонына кіріп, дүрбелең туғызды

Алматы

Президент үй жануарларын азаптағандарды қатаң жазалауды тапсырды

Ит

Бекіре тұқымдас балық пен уылдырық сатып алғандар жауапқа тартылады

Уылдырық

Петропавлда темекі тұқылынан көппәтерлі үй өртеніп, 100-ден астам адам эвакуацияланды

Өрт сөндірушілер