USD
USD
USD

Алматы облысы Іле ауданы әкімінің бұрынғы орынбасары ҰҚК назарына ілікті

Алматы облысы Іле ауданы әкімінің бұрынғы орынбасары Қуат Ақшабаевқа қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

instagram/akshabaev_kuat
Фото: instagram/akshabaev_kuat

Астана, NEGE. Ақпаратты Ұлттық қауіпсіздік комитеті растады.

Бұған дейін журналист Михаил Козачковтың Telegram-дағы арнасында ҰҚК-нің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі Іле ауданы әкімінің орынбасарын ұстағаны жөнінде ақпарат жарияланды. Ол 28 млн теңге пара алған деген күдікке ілінген.

«Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр», – деп хабарлады ҰҚК өкілдері. 

Ведомство тергеу деректерін жария етуге болмайтынын алға тартып, қосымша мәлімет беруден бас тартты.

Ал Іле ауданы әкімдігі Ақшабаевтың ұсталғанға дейін өз еркімен қызметтен кету туралы өтініш бергенін мәлімдеді.

«16 қаңтарда ол аудан әкімінің орынбасары қызметінен босатылды және қазіргі уақытта бұл лауазымды атқармайды», – делінген әкімдіктің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Әкімдік өкілдері бұл жағдай құқық қорғау органдарының құзыретінде екенін атап өтті.

Қуат Ақшабаев Алматы облысы Іле ауданы әкімінің орынбасары қызметіне 2025 жылғы қаңтарда тағайындалған.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

жаппай тобелес

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Трамп ұлдары

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Азамат Капенов

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр

Қайсар Хамза