USD
USD
USD

Алматы облысында 99 га жер мемлекет меншігіне қайтарылды

Алматы облысының Жер ресурстарын басқару департаменті ауданы 99 га жер учаскесін мемлекет меншігіне қайтару туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Жер телімі
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Бұл шешім осы учаскенің мақсатты пайдаланылмауына байланысты болды. Тексеру барысында Іле ауданының аумағында жер пайдаланушының ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін оның мақсатына сәйкес пайдаланбайтыны және оның орнына пайдалы қазбаларды өндірумен айналысатыны анықталды.

Кәсіпорынға әкімшілік айыппұл салынды, анықталған заңбұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді.

Сотқа дейінгі реттеу процесінде ЖШС пайдаланылмаған жер учаскесін мемлекеттік жер қорына өз еркімен қайтару туралы шешім қабылдады.

Қазір оқып жатыр

Қаржы сарапшысы: Базалық мөлшерлеме – нарықтағы ақшаның құны

Әсел Әуелбекова

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарындағы жеңімпазға қатысты дауға нүкте қойылды

жеңімпаз

Қазақстанның кей өңірінде сифилис инфекциясының таралуы көбейген

Дәрігер

«Центр плова Loft» ісі бойынша сот Ақмола облысы әкіміне жеке қаулы шығарды

блогер соты