USD
USD
USD

Алматы облысында 51 жастағы ер адамның мәйіті табылды

Алматы облысында 9 қараша күні ер адамның мәйіті табылды. Облыстық полиция кісі өлтіру фактісі бойынша полиция қылмыстық іс қозғады.

Кісі өлімі
Фото: Pixabay

Алматы, NEGE. Алматы облысы Полиция департаменті мәліметіне сәйкес, 51 жастағы ер адамның денесі Қарасай ауданы Алмалыбақ ауылының шетінде табылған.

Әлеуметтік желіде ол 2 қараша күні хабар-ошарсыз кеткені туралы хабарландыру жарияланған болатын.

– Кісі өлтіру фактісі бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Жедел-іздестіру іс-шараларының барысында 9 қарашада криминалдық полиция қызметкерлері төрт күдіктіні ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамауға алды. Қазіргі уақытта қылмыстың барлық жағдайы мен себептерін объективті зерттеуге бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр, – деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.

Қазір оқып жатыр

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов

Ташкентке жарысқа барып, ауруханаға түскен жас футболшылар елге оралды

Ташкентте емделген футболшылар мен дәрігерлер, елшілік өкілдері

Павлодар колониясында 12 жылға сотталған жігіт өлі күйінде табылды

рақымшылық