USD
USD
USD

Алматы облысында 3000 га ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер мемлекеттік меншікке қайтарылды

Алматы облысында 3000 га ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер мемлекеттік меншікке қайтарылды, деп хабарлайды Ауыл шаруашылығы министрлігі. 

жер телімі, мемлекеттік меншікке қайтару
Фото: ауыл шаруашылығы министрлігі

Алматы, NEGE. ҚР АШМ ЖРБК Алматы облысының Жер ресурстарын басқару департаменті мен Балқаш ауданының жергілікті атқарушы органымен бірлесіп жүргізген мониторинг барысында жер пайдаланушының ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін ұзақ уақыт пайдаланбағаны анықталды.

Ауданы 3000 га жер учаскесі Балқаш ауданы әкімдігінің қаулысымен шаруа қожалығын жүргізу үшін 10 жыл мерзімге уақытша өтеулі жер пайдалануға берілді.

Балқаш ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 5 тамыздағы қаулысымен бұрын берілген қаулының күші жойылды, жер учаскесі мемлекеттік меншікке қайтарылды.

Қазір оқып жатыр

Президент 24 қарашаға дейін ұлттық компаниялардағы жемқорлықпен күрес жөнінде ұсыныс беруді тапсырды

Қауіпсіздік кеңесінің отырысы

Тоқаев Жақыпов пен Отыншиевтің ұсталуы туралы не деді?

Қасым-Жомарт Тоқаев

Басшысы ұсталған ҚТЖ өкілдері мәлімдеме жасады

ҚТЖ

Ақтауда көліктің газ баллоны жарылып, ондаған метрге ұшып кеткен

Ақтау газ балон