28 Қыркүйек 16:52
...

Алматы облысында 2,1 мың апорт көшеті өсірілді

Ауыл шаруашылығы министрлігі
Фото: ғаламтордан
Алматы облысының Талғар ауданында 2,1 мың апорт алмасының көшеті өсірілд, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі. 

Алматы, NEGE. Министр Айдарбек Сапаров Талғардағы Қазақ жеміс-жидек және жүзім шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының аймақтық филиалында болып, «Апорт» алмасын қайта жаңғырту жобасының іске асырылу барысын талқылады.

Кездесуде 2025-2028 жылдарға арналған «Апорт алмасын қайта жаңғырту жол картасының» орындалу барысы қаралып, проблемалар мен оларды шешу жолдары талқыланды.

  • 2024 жылы Жоңғар Алатауы ұлттық паркінде 60 мың Сиверс жабайы алмасының тұқымыжиналып, 0,7 гектар жерге питомник салынды.
  • 2025 жылдың ақпанында 0,5 гектар аумақта қысқы копулировка жүргізілді.
  • Қазіргі таңда 2100 апорт көшеті дайындалды.
  • Биылғы күзде 10 гектар алма бағы отырғызылады.
  • 2027 жылға қарай апорт алмасының жалпы алқабы 110 гектарға жетпек.

Апорт – Алматы өңірінің бренді әрі Қазақстанның мәдени мұрасы саналады. ХХ ғасырда оның даңқы әлемге жайылып, ерекше дәмі мен ірілігімен танымал болды. Алайда соңғы онжылдықтарда апорт алмасының өнімділігі төмендеп, арнайы мемлекеттік бағдарлама қабылданды.

Президенттің 2024 жылғы тапсырмасынан кейін апортты қалпына келтіру жұмыстары қарқынды түрде қолға алынды. Биылғы жетістіктер осы жобаның нақты нәтижелерін көрсетіп отыр.