USD
USD
USD

Алматы облысында 20 түрлі дәрі шығаратын фармацевтикалық зауыт салынады

Жеке инвестициялар құны 32,5 млрд теңге болады. Премьер-министр Олжас Бектенов тиісті қаулыға қол қойды.

фармацевтика
Фото: magnific.com

Астана, NEGE. Денсаулық сақтау министрлігі мен «Steppe pharmaceuticals» ЖШС арасында Алматы облысындағы «Алатау» АЭА аумағында толық циклді биофармацевтикалық кешен салу жөнінде келісім жасалды. Үкімет келісімді мақұлдады.

Фармацевтикалық зауытта дәрілік препараттың 20 түрі шығарылады деп жоспарланып отыр. Олардың қатарында онкологиялық және сирек кездесетін ауруларды емдеуге арналған дәрілер, сондай-ақ заманауи иммунобиологиялық препараттар бар. 

«Кәсіпорынды іске қосу 2031 жылға, жобалық қуатқа шығу 2032 жылға, ал негізгі бағыттар бойынша толық циклге көшу 2034 жылға жоспарланған», – делінген Үкімет хабарламасында.

Жоба елдің дәрілік қауіпсіздігін нығайтуға және Алматы облысы аумағында заманауи фармацевтикалық өндіріс инфрақұрылымын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Жоба аясында шамамен 60 жаңа жұмыс орны ашылады деп жоспарланып отыр. 

«Дәрі-дәрмек өндіру мен сертификаттаудан бөлек, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүргізу де қарастырылған. Өзінің R&D бағытын дамыту, оның ішінде биоэквиваленттілік зерттеулерін жүргізу, тіркеу құжаттарын дайындау және халықаралық GMP стандарттарын енгізу жоспарланған», – делінген хабарламада.

Бұдан бөлек кешен базасында қазақстандық мамандарды оқыту және олардың біліктілігін арттыру жүйесі құрылмақ.

Қазір оқып жатыр

Иран тарабы Ядролық қаруды таратпау туралы шарттан шығуы мүмкін екенін мәлімдеді

Ядролық қаруды таратпау туралы шарт

Қылмысқа жәрдемдесу ретінде сараланады: полиция ата-аналарға үндеу жасады

Маңғыстау

Астанада балалар ауруханасында жұмыс істеген медбикеден туберкулез анықталды

аурухана

Тоқаев Қытайдағы шахта апатына байланысты Си Цзиньпинге көңіл айтты

Қытай