USD
USD
USD

Алматы облысында 2 күн бұрын тауда жоғалып кеткен ер адам іздестіріліп жатыр

Алматы облысы Жамбыл ауданында тауға мал жаюға шығып, жоғалып кеткен ер адамды құтқарушылар іздестіріп жатыр.

Gov.kz
Фото: gov.kz

Алматы, NEGE.  Алматы облысы ТЖД мәліметінше, Жамбыл ауданы Қарғалы ауылынан 4 шақырым жерде таулы аумақта 25 маусым сағат 19:30-дан бастап 1970 жылы туған ер адамды іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізілуде. Ол таңғы сағат 06:00-де мал жаюға шығып, жоғалып кеткен.

– Іздестіруге 10 қызметкер мен 4 техника жұмылдырылды, оның ішінде 1 ұшқышсыз ұшатын аппарат, 1 жүзу құралы және 1 Алматы облысы ТЖД кинологиялық есебі, 6 құтқарушы, 1 техника және 1 ҚР ТЖМ РЖҚО кинологиялық есебі, полиция департаментінің 4 қызметкері және 1 техникасы, 5 жергілікті тұрғын. Іздеу жұмыстары жалғасуда, – деп хабарлады облыстық ТЖД.

Қазір оқып жатыр

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов

Ташкентке жарысқа барып, ауруханаға түскен жас футболшылар елге оралды

Ташкентте емделген футболшылар мен дәрігерлер, елшілік өкілдері

Павлодар колониясында 12 жылға сотталған жігіт өлі күйінде табылды

рақымшылық