USD
USD
USD

Алматы облысында 18 жастағы жігіт 4 жаяу жүргіншіні қағып, қашып кетті деген күдікпен ұсталды

Алматы облысының Есік қаласында 18 жастағы BMW жүргізушісі төрт жаяу жүргіншіні қағып кетті деген күдікке ілінді. Деректерге сүйенсек, ол оқиға орнынан қашып кеткен. Ал зардап шеккендердің бірі көз жұмды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлады.

жол
Фото: Алматы облысы полиция департаментінен

Алматы, NEGE. Аймақтың полиция департаментінің мәліметінше, 14 қарашада Есік қаласындағы Алтын Адам аллеясы көшесімен келе жатқан көлік төрт жаяу жүргіншіні қағып, содан кейін оқиға орнынан қашып кеткен.

“Жол апаты салдарынан 16 жасар қыз аудандық ауруханаға жатқызылды. 15 қараша күні таңертең ол алған жарақаттары салдарынан көз жұмды. Жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша полиция қылмыстық іс қозғады”,- деп хабарлады Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде BMW-320I автомашинасын басқарған 18 жастағы жергілікті тұрғын ұталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазір оқып жатыр

Қазақстандықтар бензин сапасына 92 рет шағымданған: көш басында қай қала?

бензин сапасы

Атырау мұнай өңдеу зауытында төтенше жағдайлар кезінде 100 тоннадан астам газ жағылған

Атырау мұнай өңдеу зауыты

Мешітте балаларды ұрған ұстазға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Мешіт ұстазы

Көршісі ұрып, кейін өзі арыз жазған: әнші BikaBreezy ақталды

Bikabreezy