USD
USD
USD

Алматы облысында 12 мыңнан астам шетел азаматы заңсыз тұрып келген

Алматы облысындағы 278 үйде 12 мыңнан астам шетелдік аазматтар тіркелгені анықталды.

Жұмыскерлер
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Алматы облысы прокуратурасының мәліметінше аталған үйлердің қатарында тұрғын үйлер мен мекен-жайы жоқ үйлер де болған. Мысалы, Қарасай ауданы Батан ауылындағы үйлердің бірінде 300-ден астам шетелдік азамат тіркелгені белгілі болды.

«Аталған фактілер бойынша ҚР ҚК 394-бабы (заңсыз көші-қонды ұйымдастыру) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сондай-ақ, үш мың заңсыз көшіп келушінің мемлекеттік қазынаға 79 млн теңге көлемінде салық төлемеу фактілері анықталды, олар бойынша өндіріп алу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, сот шешімі бойынша елден шығарылуға жататын 29 заңсыз көшіп келуші мен қылмыстық құқық бұзушылық жасаған 43 заңсыз көшіп келуші елден шығарылмаған», - деп хабарлады Алматы облысының прокуратурасы.

Жалпы, тексеріс барысында облыс прокуратурасы көші-қон заңнамасын бұзудың 600-ден астам дерегін анықталып, 17 көші-қон полиция қызметкері тәртіптік жауапқа тартылды.

Қазіргі уақытта аталған бұзушылықтарды жою жұмыстары жүргізілуде.

Қазір оқып жатыр

Студентті екі аяғынан айырған жол апаты: Арыс әкімінің ұлына қатысты іс тоқтатылғаны мәлім болды

Жол апатында аяғынан айырылған студент

Қасым-Жомарт Тоқаев тілді саясиландырмауға шақырды

Қасым-Жомарт Тоқаев, Наталья Бочарова

TikTok-та мысықтың құлағын тістеп, қинаған 43 жастағы ер адам жазаға тартылды

Жануарды қинаған ер адам

Қазақстанда 1 қазаннан бастап жұмыссыз деп тануға дейінгі мерзім 13 күнге ұзарады

Жұмыс іздеуші