Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Алматы облысында 10 жасар баланы иттер талап кетті

Алматы облысының Қарасай ауданына қарасты Ұмтыл ауылдық округінде 30 мамырда ойнап жүрген 10 жасар баланы иттер талап, сан еті мен құлағын жұлып алған.

Алматы облысында 10 жасар баланы иттер талап кетті
Фото: коллаж

Алматы, NEGE. Футбол алаңында ойнап жүрген балаға жеке аумақтан шығып кеткен үш ит шабуыл жасаған. Баланы жақын маңдағы адамдар құтқарып қалған.

Алматы облысы денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 30 маусым күні сағат 17:02-де Қарасай аудандық ауруханасының қабылдау бөлмесіне 2014 жылы туған бала түскен. Ол бірден реанимацияға жатқызылып, бірнеше сағаттан кейін травматология бөлімшесіне ауыстырылған.

«Алған жарақатына байланысты таңертең баланың жалпы жағдайы орташа ауырлықта деп бағаланды. Емдеу хаттамаға сәйкес алынады», – деп хабарлады басқармадан.

Ал облыстық полиция департаменті кәмелетке толмаған баланың денсаулығына абайсызда ауыр зиян келтіру фактісі бойынша полиция қылмыстық іс тіркеп, сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатқанын хабарлады.

«Қазіргі таңда оқиғаның куәгерлерінен жауап алынып, барлық мән-жайын жан-жақты, толық және объективті анықтауға бағытталған бірқатар тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалды, оның қорытындысы бойынша соңғы процессуалдық шешім қабылданады», – делінген полицияның хабарламасында. 

Қазір оқып жатыр

Тойда уағыз айтып, басы дауға қалған ақсақалдың қызы Тоқаевқа үндеу жасады

қылмыстық іс

«Ресейден жеткізілген»: Алматыда жалған көлік нөмірлерін сатқан тұрғын ұсталды

жалған нөмірлер

ЕҮАК отырысында электрондық сауда туралы келісімге қол қойылды

Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысы

Алматыдағы «Байсат» базары аукционда 24,7 млрд теңгеге сатылды

Байсат