24 Мамыр 16:50

Алматы облысы Жамбыл ауданында «Жайлы мектеп» жобасы қалай жүзеге асуда?

Жайлы мектеп жобасы
Фото: Алматы облысы әкімдігі

2024 жылы Жамбыл ауданы бойынша үш мектептің құрылысы жүргізілуде. 

Алматы, NEGE. Атап айтқанда, Қарғалы ауылында 900 орындық, Сарыбай би ауылында 600 орындық мектеп, Ұзынағаш ауылында 1500 орындық мектеп салынады. 

Мектептердің құрылысын қадағалау мақсатында Жамбыл ауданының білім бөлімінің тарапынан ҚР Үкіметінің 30.10.2022 жылғы «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасын бекіту №963 қаулысын негізге алыпжауапты адамдарғы бекіту туралы 23.04.2024 ж №136-н бұйрық шығарылды. Аудан бойынша бекітілген тұлғалар:

- Қарғалы ауылында 900 орындық мектепке-Бекболатов Нағашыбай Умбеталиевич (тел. 747 621 63 53);

- Сарыбай би ауылында 600 орындық мектеп-Солтанбаев Дидар Ерболатович (тел. 8771 413 27 04);

- Ұзынағаш ауылында 1500 орындық мектеп-Изимхан Тимур Изимхаұлы (тел.8 747 758 91 99).

Аталған жауапты тұлғалар 04.05.2024 жылы комиссия мүшелерімен, оның ішінде аудандық мәслихат депутаттары, қоғамдық белсенділері, блогер және білім бөлімінің мамандары үш объектілерді аралады және төмендегі мәлімет ұсынды:

Жайлы мектеп жобасы
Алматы облысы әкімдігі

1) Қарғалы аулындағы 900 оырндық мектеп құрылысы 2023 жылдың қыркүйек айында басталды, аяқталу мерзімі 2024 жылдық 15 тамыз айы.

Мердігер «Фирма Еламан» ЖШС. Құрылыс алаңы 2,08 га. Құрылыста 80 адам жұмысшы болды. Сол күнге жасалынған жұмыстары: котлаван дайындау жұмыстары толық 100% аяқталған, фундамент толық жасалынған, ғимарат қаркасы фундамент үстіне 50% жасалынған, бірінші этаж құрылысы басталған.

2) Сарыбай би ауылында 600 орындық мектеп – 2023 жылдың тамыз айында басталды, аяқталу мерзімі 2024 жылдық 15 желтоқсан айы. Мердігер- Производственный коорпоратив «Альтаир». Құрылыс алаңы 2,5 га. Құрылыс басында 63 адам жұмыс жасап жатыр. Құрылыс арнайы техника саны 6. Сол күнге жасалынған жұмыстары: котлаван дайындау жұмыстары толық 100% аяқталған, фундамент 90% жасалынған, подвал жасау жұмыстары 55% аяқталған, ғимарат қаркасын жасау жұмыстары өтіп жатыр, оған қажетті арматура толық жеткізілген;

3) Ұзынағаш ауылында 1500 орындық мектеп – 2023 жылдың қыркүйек айында басталды, аяқталу мерзімі 2024 жылдық 15 желтоқсан айы. Мердігер –ТОО«Промкомплект-Б». Құрылыс алаңы 3,0 га. Құрылыс басында 100 адам жұмыс жасап жатыр. Құрылыс арнайы техника саны 6. Сол күнге жасалынған жұмыстары: котлаван дайындау жұмыстары толық 100% аяқталған, фундамент 80% жасалынған, подвал жасау жұмыстары аяқталман, ғимарат қаркасын жасау жұмыстары өтіп жатыр, оған қажетті арматура толық жеткізілген. Жұмыс қарқыны баяу.