Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Алматы облысы су тасқынына байланысты Орал қаласына техника жіберді

Батыс Қазақстан облысында жүргізіліп жатқан су тасқынына қарсы іс-шаралар аясында, Орал қаласына Алматы облысынан қомақты көмек көрсетілді.

Су тасқыны
Фото: uralskweek.kz

Алматы, NEGE. 2024 жылдың 17 сәуірінде 51 бірлік техника тиеген бірінші эшелон жеткізіліп, түрлі аудандарға таратылды. Орал қаласына 15 бірлік, Бөрлі ауданына 10 бірлік, Ақжайық ауданына 32 бірлік техника бөлініп берілді.

Ал келесі күні, демек 18 сәуірде, екінші эшелон 71 бірлік техниканы жеткізді. Орал қаласына 52 бірлік, Қостанай ауданына 5 бірлік, Бөрілі ауданына 8 бірлік және Теректі ауданына 3 бірлік бөлінді. Орал қаласына да қосымша 49 бірлік техника әкелінді.

Қазіргі таңда Батыс Қазақстан облысындағы су тасқынына қарсы іс-шараларға, Алматы облысынан әкелінген барлығы 171 техника жұмылдырылған. Атап айтқанда 122-сі эшелонмен жеткізілсе, Орал қаласынан келісім-шарт бойынша жалға алған 42 бірлік, және КазАвтоДор мекемесінің филиалынан 7 бірлік техника бағыттар бойынша жұмыс істеуде. Бұл табиғи апаттармен кешенді күресте айтарлықтай қосқан күш үлесі болып табылады, және су тасқыны қаупіне тиімді әрекет етуге мүмкіндік береді.

Осындай іс-шаралар, қиын жағдайда еліміздің өңірлері арасындағы ынтымақтастық пен ауызбіршілігін, дер кезінде көмек қолын созудың маңыздылығын көрсетеді. 

Қазір оқып жатыр

Қазақстан мен Ресейдің келесі медиафорумы Астанада өтеді

.

Мемлекет басшысы Ұлттық архив ұжымы мен ардагерлерін 20 жылдық мерейтоймен құттықтады

Ұлттық архив

«Әкім келер алдындағы көзбояушылық»: Ақмола облысында жолшылар асфальтты бояғаны рас па?

Красный яр

Қазақстандық жүзушілер АҚШ-тағы халықаралық турнирде 13 алтын медаль жеңіп алды

жүзгіш