USD
USD
USD

Алматы облысы Іле ауданының бұрынғы әкімі Бағдат Қарасаевқа қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды

Алматы облысы Іле ауданының бұрынғы әкімі Бағдат Қарасаевқа қатысты қылмыстық іс сотқа түсті – іс Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің бірден жеті бабы бойынша қаралатын болды.

Бағдат Қарасаев
Фото: gov.kz

Алматы, NEGE. «Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті Қарасаев Б.Ә. мен басқа да тұлғаларға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабы (Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе ысырап ету), 190-бабы (Алаяқтық), 324-бабы (Шаруашылық немесе өзге де қызметке қойылатын экологиялық талаптарды бұзу), 361-бабы (Қызметтік өкілеттіктерді теріс пайдалану), 362-бабы (Билікті немесе лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану), 364-бабы (Кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу), 369-бабы (Қызметтік жалғандық жасау) бойынша сотқа дейінгі тергеуді аяқтады», – деп хабарлады Алматы облысы прокуратурасының баспасөз қызметі.

Қадағалаушы органның нақтылауынша, 31 наурыз күні қылмыстық іс мәні бойынша қарау үшін Алматы облысы Іле аудандық сотына жолданған.

«Қарасаев Б.Ә.-ге қатысты қылмыстық қудалау органы бұған дейін бұлтартпау шарасы ретінде «қамауда ұстау» түрін таңдаған», – деп қосты прокуратура.

Естеріңізге сала кетейік, Алматы облысы прокуратурасы Бағдат Қарасаевтың Іле ауданындағы қоқыс полигонын тексергеннен кейін ұсталғанын хабарлаған еді.

Қарасаев Іле ауданын 2018 жылғы қыркүйек айынан бастап басқарған. Бұған дейін ол Алматы облысы әкіміне кеңесші болған, Талдықорған қаласының әкімі қызметін атқарған, сондай-ақ облыс әкімдігінің аппаратын басқарған.

Қазір оқып жатыр

Референдумда 9 миллионнан астам қазақстандық дауыс берді

Референдум

Халықтың 70,98 пайызы дауыс берді

.

Маңғыстау облысында референдум күні көпбалалы отбасында Атазаң есімді ұл дүниеге келді

Маңғыстау облысы

Халықтың 51,93 пайызы дауыс берді: Референдум өткізілді деп саналады

Референдум