USD
USD
USD

Алматы облысы инвестициялық әлеуетін арттыруда: Жарты жылда 420 млрд теңгеден астам инвестиция тартылды

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевтің төрағалығымен өткен өңірлік әкімдік отырысында инвестиция тарту бойынша бірінші жартыжылдықтың қорытындылары қаралып, екінші жартыжылдыққа арналған басым бағыттар белгіленді.

Алматы облысы
Фото: Алматы облысы

Алматы, NEGE. Облыс тұрақты өсім қарқынын көрсетуде: негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 6 айда 421,6 млрд теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 24,7%-ға артты. Оның ішінде жекеменшік инвестициялар көлемі 288,6 млрд теңгені құрады, ал облыстың республикадағы инвестициялар үлесі 5,2%-ға жетті.

Тікелей шетелдік инвестициялар көлемі де айтарлықтай өсті – I тоқсанның қорытындысы бойынша өңірге 210,7 млн АҚШ доллары көлемінде инвестиция тартылған, бұл өткен жылдың деңгейінен 1,5 есе көп.

Марат Сұлтанғазиев инвестициялардың тұрақты экономикалық өсімнің негізгі қозғаушы күштерінің бірі екенін атап өтті. Оның айтуынша, облыста проактивті тәсіл қолданылады: цифрлық инвестициялық платформа іске қосылған, өңірлік штаб жұмыс істейді, нақты жобалар портфелі қалыптастырылған.

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе