USD
USD
USD

Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары тағайындалды

Алматы облысы әкімінің өкімімен Қанат Есболатов 2025 жылғы 3 қарашасынан бастап Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары лауазымына тағайындалды.

Алматы облысы
Фото: Алматы облысының әкімдігі

Астана, NEGE. Қанат Болатұлы 1982 жылы туылған, білімі жоғары, 2008 жылы Қазақ ұлттық аграрлық университетін «мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2002 «Досанов» шаруа қожалығы төрағасының орынбасары болып бастаған.

Әр жылдары Алматы облысы қаржы басқармасының Еңбекшіқазақ ауданы бойынша бір жолғы талондарды беру және есепке алу жөніндегі инспекторы, бас инспекторы, аға инспекторы, «Megaron & K» ЖШС-нің қаржы директоры, Ескелді ауданы Көкжазық ауылдық округінің әкімі, Ескелді ауданы әкімінің орынбасары, Алматы облысы ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары, басқарма басшысы, Жетісу облысы ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы лауазымдарын атқарған.

2022 жылдың қыркүйек айынан бастап Жетісу облысы Кербұлақ ауданының әкімі лауазымында қызмет етті.

Қазір оқып жатыр

Алматы жүргізуші куәлігінен айыру туралы талап-арыздар саны бойынша көш бастады

жолдағы жылдамдық

Алғашқы дебаттың фавориті анықталды: саяси партиялардың алғашқы пікірсайысы қалай өтті?

дебат

1 тамыздан бастап Tarlan Astana желісінде тарифтер жүйесі енгізіледі

ЛРТ

Балқаш көліне көлікпен кірген Mercedes-Benz жүргізушісі 10 тәулікке қамалды

қауіп