USD
USD
USD

Алматы метросында бақылау шаралары күшейтілді

Алматы метросында бақылау шаралары күшейтілді, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. Алматы полициясы метрополитен аумағында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша кешенді шараларды жалғастыруда.

Заңсыз әрекеттердің, оның ішінде есірткі және басқа да тыйым салынған заттардың заңсыз айналымымен байланысты әрекеттердің алдын алуға ерекше назар аударылады.

Бұл бағытта заманауи басқару құралдарымен жабдықталған мамандандырылған технологиялық қондырғылар белсенді жұмыс істеуде.

Кинологиялық бригадалар да маңызды рөл атқарады – тәжірибелі мамандар мен олардың төрт аяқты көмекшілері күн сайын метро бекеттері мен пойыздарды күзетеді.

«Метрополитен – күн сайын ондаған мың жолаушы жүретін стратегиялық маңызды нысан. Сондықтан біздің міндетіміз – барынша қауіпсіз ортаны құру. Біз қауіпсіздік шараларын күшейттік, техникалық құралдар мен қызметтік иттерді пайдалана отырып нысандарды үнемі тексеріп отырамыз. Әр алматылық өзін қорғалған сезінуі үшін біз басқа құқық қорғау органдарымен тығыз жұмыс істейміз», –  деді Метрополитендегі полиция басқармасының басшысы Батуржан Абдумасаров.

Тәртіп сақшылары азаматтарды қырағы болуға, қоғамдық тәртіп ережелерін сақтауға және қажет болған жағдайда күдікті заттар немесе адамдар туралы полиция немесе метро қызметкерлеріне хабарлауға шақырады.

Қазір оқып жатыр

ҰҒОО Орталық Азиядағы МАГАТЭ-нің алғашқы Anchor Centre болады

.

Тоқаев МАГАТЭ басшысы Гроссимен ядролық қауіпсіздік пен Иран мәселесін талқылады

Тоқаев, Гросси

«Туристер қаржысы халыққа жұмыс істейді»: Almaty SuperSki талқыланды

.

Қайрат Сатыбалдыға тиесілі болған «Байсат» базары аукционда тағы өтпей қалды

Байсат