USD
USD
USD

Алматы метросына әуежайға дейін тағы сегіз станция қосылады

Метроның жаңа желісінің құрылысы 2027 жылы басталуы мүмкін.

Метро
Фото: koleso.kz

Алматы, NEGE. Жобаның техникалық құжатында жаңа метро желісі «Жібек Жолы» станциясынан бастап әуежайға дейін болатыны көрсетілген.

Желінің станциялары:

№ 1 – «Жібек Жолы» станциясының жанында, Назарбаев даңғылының шығысында, бірінші желіге ауыстырып міну торабы ұйымдастырылады;

№ 2 – Орталық мәдениет және демалыс саябағының маңында;

№ 3 – Құмай көшесі мен Шығыс айналма автокөлік жолы қиылысында;

№ 4 – «Халық Арена» спорт кешенінің жанында;

№ 5 – «Шығыс» көлік ауыстырып міну торабы аумағында, «Жетісу» базарына қарама-қарсы бетінде;

№ 6 – «Апорт-2» сауда ойын-сауық орталығы мен автосалонның жанында;

№ 7 – Нұршашқан ықшамауданының маңында;

№ 8 – әуежайдың жанында.

Екі жолақты желінің ұзындығы – 14 км.

Қазіргі уақытта жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуге 2025 жылдың қыркүйегіне дейін байқау жарияланған.

Қазір оқып жатыр

Түркістанда ойын алаңында екі әйел төбелес шығарып, бірі дене жарақатын алды

Күдікті әйел

Шарын маңында қарақұйрыққа ұқсас бес жануардың ұшасы табылып, қылмыстық іс қозғалды

Инспекторлар, аңшылар және жануарлар ұшасы

Алматы – Өскемен тас жолын жөндеген мердігер мемлекетке 115 млн теңгеден астам шығын келтірген – прокуратура

жол жөндеу

«Ақталмаймыз»: қызын ернінен сүйіп құттықтады делінген ер адам желіде мәлімдеме жасады

смартфон ұстаған ер адам