USD
USD
USD

Алматы метросы Жаңа жылға орай безендірілді

Жаңа жыл қарсаңында Алматы метрополитені ерекше кейіпке енді: бекеттер мен вагондар мерекелік жарықтармен көмкеріліп, әсем декорациялармен безендірілді.

Алматы метро
Фото: Алматы әкімдігі

Алматы, NEGE. Әр бекетте шырша орнатылып, тақырыптық ойыншықтармен безендірілген. Кейбір вагонда жолаушылар естелік суретке түсе алатын мерекелік бұрыштар бар.

«Біз метродағы әрбір сапар жолаушыларымызға сәл де болса мереке сыйлағанын қалаймыз. Бекеттер мен вагондардағы әшекейлер адамдарға ертегі сезімін сыйлап, оларды мерекелік көңіл-күйге бөлеу үшін жасалған», – деді метрополитеннің баспасөз қызметі.

Қала тұрғындары мен қонақтары мерекелік безендіруді жоғары бағалады. Көптеген жолаушы әлеуметтік желілерге фотосуреттер жүктеп, мұндай атмосфера үшін ризашылық білдіріп жатыр. 

Қазір оқып жатыр

СІМ қазақстандықтарды елге қайтару үшін Ресеймен келіссөз жүргізіп жатыр

СІМ

Қазақстан он матч бойы сырт алаңда жеңбеген Молдоваға есе жіберді

Ұлттық құрама

Air Astana Алматы–Токио бағытында тіке әуе рейсін ашады

Ұшақ

Жалақы кешіктірілсе, жұмыс берушіден ақшаны өсімпұлмен қалай өндіруге болады?

Тиын мен әмиян