USD
USD
USD

Алматы қаласы мен облыс тұрғындары жарықсыз қалды

Бүгін, 14 тамызда түстен кейін әуе электр беру желілерінің апаттық ажыратылуы салдарынан Алматы қаласы мен Алматы облысында жаппай жарық сөнді.

Алматы
Фото: egemen.kz

Астана, NEGE. Бұл жөнінде «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ өкілдері хабарлады.

«Сағат 14:38-де "KEGOC" АҚ-ға тиесілі 500 кВ Л-5400, Л-5300 және Л-5320 әуе электр беру желілерінің апаттық ажыратылуы салдарынан «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ желілерінде апатқа қарсы автоматика іске қосылды. Соның салдарынан Алматы қаласы мен Алматы облысындағы тұтынушылар электр энергиясынан ажыратылды», – делінген хабарламада.

Алматы қаласында төрт ауданның, атап айтқанда Бостандық, Наурызбай, Әуезов және Алатау аудандарының тұрғындары жарықсыз қалды.

Ал Алматы облысында Жамбыл, Балқаш, Еңбекшіқазақ, Қарасай, Райымбек, Ұйғыр, Іле, Кеген және Талғар аудандарында электр жарығы өшіп қалды.

«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ мамандары қазіргі уақытта тұтынушыларды электр қуатын қайта беру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Қазір оқып жатыр

«Соңғы нәтиже сын көтермейді»: Скотт Манн ұлттық құраманың ойынына қатысты үн қатты

Скотт Манн мен Джон ван ’т Схип/kff.kz

Қарашадағы жиналыс. «Алтыналмас» НЕГЕ дайындалып жатыр?

Almas

Отбасы банк қарызды өтеу үшін несие беруді уақытша тоқтатты

Отбасы банк

Қырғызстанның бұрынғы президентінің ұлы 4 жылға сотталды

Қадырбек Атамбаев