USD
USD
USD

Алматы мәслихаты ертең қала әкімін тағайындау үшін жиын өткізеді: Досаевтың орнына кім келеді?

Алматы қаласы мәслихаты депутаттарының жиналысы 24 мамыр күні сағат 12:00–де Республика алаңы, 4 мекенжайы бойынша өтеді. Бұл туралы мәслихаттың баспасөз қызметі мәлімдеді.

Досаев
Фото: gov.kz

Алматы, NEGE. «2022 жылғы 8 маусымдағы № 912 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген Облыс аумағында орналасқан мәслихаттар немесе республикалық маңызы бар қалалар және астана мәслихаттары депутаттарының облыс, республикалық маңызы бар қала және астана әкімін лауазымға тағайындауға келісім беруі қағидаларының 5-тармағына сәйкес, Алматы қаласының әкімін тағайындауға келісім беру үшін 2025 жылғы 24 мамыр күні сағат 12:00–де VIII сайланымдағы Алматы қаласы мәслихат депутаттарының жиналысы өтеді», — делінген мәлімдемеде.

Айта кетейік, Ерболат Досаев Алматы әкімі қызметіне 2022 жылдың 31 қаңтарында тағайындалған болатын.

Қазір оқып жатыр

Қытайға тартылған мұнай құбырларындағы артық мұнай есептелмей, 3 млрд теңгеге жуық салық кем түскен

Мұнай құбыры

Қазақстанда электромобильдерге арналған жасыл түсті мемлекеттік нөмірлер бекітілді

Электромобиль

Сегіз ай күттірген жаңа пойыз: Stadler вагондары алғашқы рейсіне шықты

Stadler

«Министрдің жолы жіңішке» деген Саясат Нұрбек отставкаға кетуге дайын ба?

Саясат Нұрбек