USD
USD
USD

Алматы — Маскат бағыты: Әуе рейстері қайта іске қосылады

Бұл туралы көлік министрі Марат Қарабаев пен Оман Сұлтандығының қаржы министрі Сұлтан Әл-Хабси арасында өткен екіжақты кездесу аясында мәлім болды.  

Алматы-Маскат бағыты
Фото: Көлік министрлігі

Алматы, NEGE. Көлік министрлігінің мәліметінше кездесу барысында көлік секторындағы ынтымақтастықтың басым бағыттары талқыланды. Әсіресе Оманның Сухар, Салала және Дукм порттары ерекше назарға алынып, осы порттар аясында ынтымақтастық орнату мүмкіндігі атап өтілді. Сұлтан Әл-Хабси Қазақстанмен «Солтүстік — Оңтүстік» көлік дәлізі бойынша ынтымақтастықты кеңейтуге дайын екенін білдірді.

Сонымен қатар тараптар Қазақстан мен Оман Сұлтандығы арасында әуе қатынасын қайта жаңғырту бастамаларын талқылады. Маусым айында омандық SalamAir әуе компаниясы Алматы — Маскат бағыты бойынша рейстерді қайта бастайды.

Қазір оқып жатыр

Уәде етілген сомадан аз ақша берген: Алматыда криптонесиеге қатысты алаяқтық дерегі тексерілуде

Алаяқтық

Тоқаев «Ғаламат жұт шежіресі» еңбегінің авторын І дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады

Валерий Михайлов

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Қазақстан құрамасы жеңімпаз атанды

Қазақстан құрамасы

Бауыржан Байбектің сағаттарын ұрлады деген күдікпен 31 жастағы ер адам ұсталды

.