USD
USD
USD

Алматы маңындағы тауларда қар көшкіні жүрді: Зардап шеккендер бар

Алматы қаласы Құтқару қызметінің мәліметінше, бүгін сағат 14:57-де «Шымбұлақ» тау-шаңғы курортының диспетчері Талғардың сол жақ бөлігінде, Богданович мұздық асуының үстінде қар көшкіні болғанын хабарлады.

Қар көшкіні
Фото: Алматы қаласы құтқару қызметі

Алматы, NEGE. Алдын ала мәлімет бойынша, зардап шеккендер бар, бірақ олардың нақты саны мен жағдайы әлі белгісіз.

«Бүгін сағат 14:57-де «Шымбұлақ» тау шаңғысы курортының диспетчері Талғардың сол жақ бөлігінде, Богданович мұздығы асуының үстінде қар көшкіні болғанын хабарлады.Оқиға орнына құтқарушылар жөнелтілді: бес адамнан тұратын топ пен бір бірлік техника «Тұйық-Су» бақылау-құтқару бекетінен шықты. Төтенше оқиға орнына «Шымбұлақ» тау шаңғысы курортының және Республикалық жедел құтқару жасағының құтқарушылары да аттанып жатыр. Сонымен қатар, сағат 15:18-де оқиға орнына тағы бір техника мен кинологиялық бөлімше жіберілді. Құтқару жұмыстары жалғасуда, өзге де мәліметтер нақтылануда», - делінген хабарламада.

Төтенше жағдайлар қызметкерлері тауларда қар көшкіні қаупі әлі де жоғары екенін еске салды.

Қазір оқып жатыр

Мәскеуден Алматыға бағыт алған SCAT ұшағы Астанаға шұғыл қонуға мәжбүр болды

SCAT шұғыл қонды

Астанада кішкентай бала көлікпен дәмханаға соғылды

Көлік апаты

Түркістанда ойын алаңында екі әйел төбелес шығарып, бірі дене жарақатын алды

Күдікті әйел

Шарын маңында қарақұйрыққа ұқсас бес жануардың ұшасы табылып, қылмыстық іс қозғалды

Инспекторлар, аңшылар және жануарлар ұшасы