USD
USD
USD

Алматы маңында жолаушылар автобусы көпірден құлап, көліктің үстіне түсті (видео)

Алматы облысы Қарасай ауданындағы Қаскелең көпірінен жолаушылар автобусы көпірден құлап, көліктің үстіне түскен. 

Алматыда автобус көпірден құлады
Фото: әлеуметтік желіден

Алматы, NEGE. Жол апаты 12 қыркүйек түнгі сағат 22:00 шамасында болды. №78 автобустың жүргізуші жолда ауырып, қанындағы қант мөлшері көтеріліп кеткен көрінеді. 

Облыстық полиция жол апаты бойынша қылмыстық іс қозғады.

– 12 қыркүйекте Алматы-Бішкек автожолының 25 шақырымында Yutong Bus автобусының жүргізушісі, бұрылу маневрін жасай отырып, рульді басқара алмай қоршауға соғылып, содан кейін көпірден Mercedes Benz Sprinter көлігінің артқы жағына құлағаны анықталды. Апат кезінде ешкім зардап шеккен жоқ, - деп хабарлады облыстық полиция департаменті. 

Оқиға кезінде автобус ішінде жолаушылар болмаған. Ал Sprinter-дің ішіндегі адамдар үйлену тойынан қайтып келе жатқан, олардың барлығы тек жеңіл жарақат алды. 

Қазіргі уақытта автобус жүргізушісі жансақтау бөлімінде жатыр.

Қазір оқып жатыр

Алатау қаласында алғашқы зәулім ғимараттың құрылысы басталды

Алатау қаласы

Түркияда қазақстандық әйел алтыншы қабаттан құлап көз жұмды

DHA

Уразбахтин «Қайрат» клубының бас бапкерлігінен кетті

Футбольный клуб «Кайрат»

Мәслихат депутаттығына кандидаттардың сайлау шығыны бекітілді

Құрылтай сайлауы