USD
USD
USD

Алматы маңында жоғалып кеткен 3 жасар қыз бір айдан бері табылмады

Алматы облысында 3 жасар қызды іздеу жұмыстары тура бір айдан бері жүріп жатыр.

Іздеу
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігі мәліметінше, іздестіру шарасы барысында жақын маңдағы су қоймасынан суды ағызуға тура келген. Алайда ол жерден ешқандай із табылмады.

«Безымянный тоғанындағы су 2 метрге дейін төмендетілді, алайда табылдмады. Облыстық ішкі істер департаменті мен Еңбекшіқазақ ауданының ішкі істер департаменті жақын маңдағы Күш ауылындағы жақын Ақши, Қырбалтабай және Балтабай ауылдарының тұрғындарын сұрастырған. Бұл іздестіру жұмыстары да оң нәтиже бермеді. Қыз әлі табылмады», - деді аудан әкімдігі өкілі.

Үш жасар баланы іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.

Еске салайық, бұған дейін бала 17 наурызда түстен кейін Еңбекшіқазақ ауданы Күш ауылында жоғалып кеткені хабарланды. Қыздың анасы полицияға кешке хабарласқан. Ауданда арнайы іздеу тобы құрылып, жоғалған баланы іздеуге жергілікті тұрғындар да қосылды.

Қазір оқып жатыр

Ермұрат Бәпи: «Мені сатқын деуге ешкімнің хақысы жоқ»

Decaf

«Таза Қазақстан»: «Әділет» партиясы жастардың азаматтық белсенділігін арттыруда

«Әділет» партиясының баспасөз қызметі

Астанада автосалон менеджері 53 млн теңгенің сегіз көлігін заңсыз сатып, қаржыны өз қалтасына басқан

Менеджер

Пәкістанда мектептің төбесі опырылып, 32 оқушы мен бір мұғалім қаза тапты

Оқиға орны