USD
USD
USD

Алматы маңында жер сілкінісі болған жағдайда паналауға болатын лагерьлер құрылады

Жер сілкінісі болған жағдайда Алматы маңында паналауға болатын шатырлы қалашық құру жоспарлануда. Бұл туралы Мәжіліс отырысында төтенше жағдайлар министрлігінің басшысы Шыңғыс Әрінов мәлімдеді. 

Шатырлы қалашық
Фото: pixabay.com

Алматы, NEGE. Лагерь Алматы қаласының Түрксіб ауданында орналасады. 

Шыңғыс Әріновтің айтуынша, Алматы аумағында жер сілкінісі болған жағдайда 50 мың адамға арналған шатырлы қалашық ашылады.

«Алатау» базасының ерекшелігі Түрксіб ауданында опырылмаған, жарылмаған шоқыда 173 га ашық жерде орналасқан. Ол маңда кірме жолдар, маңайында темір жол бар. Сол жерде жаттығулар өткіземіз. Шатыр жеткілікті. Сонымен қатар мемлекеттік материалдық резерв жүйесінің номенклатурасында міндетті түрде шатырлар, төсек-орындар, рюкзактар қарастырамыз. Өзіміз осылай топшылап отырмыз, әзірге бұл мәселе шешілген жоқ, бірақ біз әрбір зардап шегушіні жылы киімнен бастап барлық қорғаныс құралымен қамтамасыз ету мақсатында жұмыс жүргіземіз. Әр 10 адамға арналған медициналық жиынтық болады. Алғашқы медициналық көмек көрсете алатын дәрігерлер болады деп ойлап отырмыз. Онда шатырлар, ұйықтайтын қаптар, құрал-жабдықтар мен үш күндік азық-түлікпен қамтамасыз етеміз», - деді министр.

Министр Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша сейсмикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәсілдері қайта қаралғанын айтты. Бірінші кезекте, жер сілкінісі кезіндегі іс-қимылдарға халықты құлақтандыру және оқыту жүйесі пысықталды.

«Келешекте сейсмологиялық станциялар желісін жаңғыртып, кеңейтеміз», – деп атап өтті министр.

Қазір оқып жатыр

Қайрат Боранбаевқа тиесілі болған мұнай компаниясы «ҚазМұнайГазға» өтті

.

Футболдан Қазақстан бірінші лигасында бапкер бас төрешіге су шашып жіберген

су шашқан

«Әділет» партиясын елдегі ең ірі қоғамдық және салалық бірлестіктер қолдады

.

«Көзқарасымыз сәйкес келмейді»: Давид Лория Марат Омаров туралы ойын айтты

.