USD
USD
USD

Алматы-Кеген тас жолын су басты

Алматы облысының Кеген ауданындағы Кеген-Ақсай тас жолын су басты.

ТЖМ
Фото: ТЖМ

Алматы, NEGE. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, өңірде бұршақ аралас жауын жауған.

Жауын-шашыннан соң таудан су тасып, Ақсай ауылына жақын жолды басып қалған.

Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, бүгін, 16 шілде сағат 15:58-де Кеген ауданында, Ақсай ауылының маңында жауын-шашынның салдарынан жолды су басқан.

«Сағат 17:00-де жаңбыр басылды, «Қазавтожол» күштері жолды тазалау жұмыстарын жүргізіп жатыр, зардап шеккендер мен жарақат алғандар жоқ», – деп хабарлады Алматы облысы ТЖД.

Қазір оқып жатыр

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов

Ташкентке жарысқа барып, ауруханаға түскен жас футболшылар елге оралды

Ташкентте емделген футболшылар мен дәрігерлер, елшілік өкілдері

Павлодар колониясында 12 жылға сотталған жігіт өлі күйінде табылды

рақымшылық