USD
USD
USD

Алматы қаласының Алатау ауданына жаңа әкім тағайындалды

Алматы әкімі Дархан Сатыбалдының өкімімен, Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігі мен қалалық мәслихаттың келісімі бойынша Алатау ауданының әкімі болып Данияр Қырықбаев тағайындалды.

Данияр Қырықбаев
Фото: gov.kz

Алматы, NEGE. Айта кетейік, 2024 жылдың сәуірінен бастап ол Алматы қаласының қала құрылысын бақылау басқармасының басшысы қызметін атқарған.

Данияр Батанұлы Қырықбаев 1986 жылдың 29 сәуірінде Алматы облысының Жамбыл ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін және Л.Б. Гончаров атындағы Қазақ автомобиль-жол институтын бітірген. Еңбек жолын 2007 жылы банк секторында бастады.

Әр жылдары «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясында, Бас прокуратурада, Парламент Сенаты Аппаратында және Жоғарғы сотта қызмет етті.

Сондай-ақ Алматы қаласы бойынша соттар әкімшісінің басшысы болды. 2019–2021 жылдары «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Алматы қалалық филиалының директоры қызметін атқарды. 2021 жылдан бері Алматы қаласының Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасын басқарды.

Қазір оқып жатыр

Қытайға тартылған мұнай құбырларындағы артық мұнай есептелмей, 3 млрд теңгеге жуық салық кем түскен

Мұнай құбыры

Қазақстанда электромобильдерге арналған жасыл түсті мемлекеттік нөмірлер бекітілді

Электромобиль

Сегіз ай күттірген жаңа пойыз: Stadler вагондары алғашқы рейсіне шықты

Stadler

«Министрдің жолы жіңішке» деген Саясат Нұрбек отставкаға кетуге дайын ба?

Саясат Нұрбек