USD
USD
USD

Алматы қаласы коммуналдық кәсіпорнының басшысы жемқорлық фактісі бойынша сотталды

Алматы қаласы Медеу ауданының № 2 соты «Алматы тазалық» ШЖҚ МКК директоры А. Тоқтасынов пен «Қала көркейту» ЖШС жеке компаниясының директоры С. Байжанов жемқорлық фактісі бойынша сотталды.

Антикор
Фото: Антикор

Алматы, NEGE. Тоқтасынов Алматы қаласының көшелері мен тротуарларын күтіп ұстау бойынша қосалқы мердігерлік қызметтер шарттарын жасасқаны және орындалған жұмыстар актілеріне қол қойғаны үшін кәсіпкерден 2,7 млн теңге сомасында пара алған.

Сот үкімімен Тоқтасыновқа 81 млн теңге сомасында айыппұл, Байжановқа – 3 жыл және 6 ай бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. 

Сот актісі заңды күшіне енген жоқ. 

Қазір оқып жатыр

Бұрын істі болған экс-депутат Жұманғариннің штаттан тыс кеңесшісі болды

Болатбек Әлиев

Ақтаудағы нөсерден кейін әкімдік мердігерді сынға алды

Ақтау

Шымкентте қос мереке: «Ордабасы» ел чемпионы әрі кубок иегері атанды

Ордабасы

Әзілкеш Данияр Жұмәділов «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды

daniyar_dzhumadilov/Instagram